АРДАГЕРЛЕР, жилой массив Коктал, 13
sadik-39@mail.ru

Мектепалды “Гүлдер” тобы балабақшамен қоштасты…

Кеше ғана тәй-тәй басып келген бүлдіршіндеріміз, бүгін қанаттанып мектепке қадам басқалы тұр.

Балалықтың ең тәтті шағы өткен балабақшамен қоштасу — қуаныш пен қимастыққа толы ерекше сәт…

“Гүлдер” тобының әр тәрбиеленушісі — біздің мақтанышымыз.

Ойынмен өскен күндер, шат күлкі, достыққа толы естеліктер жүрегімізде мәңгі сақталады.

Құрметті бүлдіршіндер!

Алдағы мектеп өмірлерің жарқын, білімге толы болсын! Биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете беріңдер!

Сендерге сәттілік тілейміз, кішкентай түлектеріміз!

#БалабақшаменҚоштасу #ГүлдерТобы #КішкентайТүлектер #Балабақша #ҚоштасуКеші #МектепалдыТобы

 Қош бол, балабақша!

Мектепалды «Еркемай» тобы балабақшамен қоштасты. Балалық шақтың ең тәтті естеліктері қалған алтын ұядан қанат қағып, бүлдіршіндеріміз үлкен өмірдің жаңа белесіне қадам басты.

Кеше ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз бүгінде білімге құштар, арманы асқақ шәкірт атануға дайын. Балабақша қабырғасында өткен әрбір сәт, әрбір күлкі мен қуаныш жүректерінде мәңгі сақталады.

Ақ жол, жас түлектер! Жолдарың ашық, білімге толы болсын!

#ЕркемайТобы #ҚошБолБалабақша #БалабақшаТүлектері #МектепкеҚадам

«Қауіпсіз бала — сенімді орта»

2026 жылдың 26 мамыр күні балабақшамызда Астана қаласы Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз бала — сенімді орта» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері, төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді.

Мамандар ата-аналарға қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

 


#БалаҚауіпсіздігі #АтаАналарЖиналысы #ПолицияДепартаменті #ТЖД #Балабақша #ҚауіпсізБалалықШақ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Астана қаласы әкімдігінің №39 «Меруерт» балабақшасының тәрбиешісі Омарова Гүлсім Теребайқызын «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық тәжірибесін жоғары деңгейде көрсеткені үшін шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің шығармашылығыңыз, ізденімпаздығыңыз және бала тәрбиесіндегі ерен еңбегіңіз – әріптестеріңізге үлгі, ал тәрбиеленушілеріңіз үшін үлкен қамқорлық пен мейірімнің жарқын көрінісі.

Білім беру саласындағы жемісті еңбегіңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Ізгі тілекпен,

№39 «Меруерт» балабақшасының ұжымы

 

МАҚТАНАМЫЗ!

2026 жылғы 5–6 мамыр күндері Ақтау қаласында өтіп жатқан

«Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» тақырыбындағы III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция бүгін өз мәресіне жетеді.

Бұл іс-шара педагогтердің тәжірибе алмасу, кәсіби дамуына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен мүмкіндік береді.

Конференция аясында өтіп жатқан дене шынықтыру педагогтері арасындағы «Тоғызқұмалақ» пен «Бестемше» ұлттық зияткерлік ойындарына

№39 «Меруерт» балабақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы Саягүл Булатовна төреші ретінде қатысып, кәсібилігі және әділ бағалауымен ерекшеленуде.

Саягүл әріптесімізге шын жүректен алғыс білдіреміз!Кәсібилігіңіз бен жауапкершілігіңіз әрдайым биіктен көріне берсін.Әрқашан шабыт пен жаңа белестер серігіңіз болсын!

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін балабақшамызда балалардың ең жарқын мерекелерінің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған көңілді сайыстарға белсенді қатысты. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің сәнін келтірді.
Балалық шақ – бақытқа, мейірім мен қамқорлыққа толы ерекше кезең. Әрбір бала бақытты болып, армандары орындалып, жарқын болашаққа нық қадам бассын!
Балаларымызға зор денсаулық, шаттық пен бақыт тілейміз!

#1Маусым #ХалықаралықБалалардыҚорғауКүні #Балабақша #БақыттыБалалықШақ #БалаларМерекесі #БалаларҚуанышы #МеруертБалабақшасы

«АБАЙ АМАНАТЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ»

2026 жылғы 15 сәуірде балабақшамызда мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «АБАЙ АМАНАТЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда Абайдың рухани мұрасын тиімді пайдаланудың ғылыми-тәжірибелік негіздерін айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және тәжірибеге енгізу.

Конференция барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде Абай шығармаларының тәрбиелік әлеуетін қолданудың заманауи тәсілдері ұсынылды. Қатысушылар педагогикалық тәжірибе алмасып, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу бағытында өзара пікір алмасты.

Іс-шара «Абай аманаты – ұрпаққа мұра» атты көрмені таныстырумен басталды. Ашылу рәсімі аясында тәрбиеленушілердің қатысуымен тақырыптық бейне-инсталляция және көркемдік-музыкалық композициялар ұсынылды.

Конференция бағдарламасы шеңберінде педагогтер мектепке дейінгі білім беру мазмұнына Абай мұрасын кіріктірудің тиімді жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара аясында зияткерлік ойын элементтері, шығармашылық жұмыстар және көркемдік нөмірлер ұйымдастырылды, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасалды.

Шеберлік сыныптар барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, заманауи цифрлық технологияларды қолдану, баланың ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағыттарында тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция соңында ата-аналардың қатысуымен «Бойы бұлғаң» әні орындалды. Аталған республикалық конференция мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ұлттық руханиятты дәріптеу мен Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды.

 

«Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңінде №39 «Меруерт» балабақшасының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша балабақшамыздың «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі Токаева Томирис жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі –  Харитонова Гулдана Хамзаевна.

Сонымен қатар, балабақшамыздың «Гүлдер» тобынан  Әлібек Балжан да жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі –Хадар Жайна.

Балаларымызды және жетекші педагогтарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз орта – сенімді бала» тақырыбында Астана қаласы әкімдігінің №39 «Меруерт» балабақшасында ата-аналар жиналысы өтті.

Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендинаның қатысуымен өткен іс-шарада Бала құқықтарын қорғау басқармасы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, Экономикалық тергеп-тексеру басқармасының өкілдері де қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Жиын барысында қатысушылар «Қауіпсіз бала – бақытты болашақ» атты көрмемен танысып, цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесіне арналған бейне-инсталляцияны тамашалады. Сонымен қатар, балабақша тәрбиеленушілері жол қозғалысы ережелеріне арналған сахналық қойылым ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендина кіріспе сөзінде балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы бағыттағы негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Серік Әділбаев әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі – басты міндеттердің бірі екеніне ерекше тоқталды.

Балалардың денсаулығын қорғау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мамыр қызылша ауруының алдын алу, вакцинацияның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Аталған іс-шара ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, балалар үшін қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай кездесулер алдағы уақытта барлық ауданда жалғасын табатын болады.

Іс-шараға 50-ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ата-аналары қатысты.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесе ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысында балабақшамыздың намысын қорғаған «Еркемай» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Ғалымжан Санжар жүлделі III орын иеленді.

Жас бүлдіршінімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Жетекшісіне алғыс білдіреміз!

Послание Президента
Государственные символы