Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңінде №39 «Меруерт» балабақшасының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша балабақшамыздың «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі Токаева Томирис жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі – Харитонова Гулдана Хамзаевна.
Сонымен қатар, балабақшамыздың «Гүлдер» тобынан Әлібек Балжан да жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі –Хадар Жайна.
Балаларымызды және жетекші педагогтарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!