Балабақшаішілік кезеңде жеңімпаз атанған «Бағдаршам» командасы («Еркемай» тобы) жолда жүру ережесі бойынша ұйымдастырылған қалалық «Брейн-ринг» сайысына қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Қалалық кезең барысында балалар жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтарға нақты әрі сенімді жауап беріп, жол белгілерін ажырату, қауіпсіз әрекеттерді түсіндіру және жағдаяттық тапсырмаларды орындау кезеңдерінде белсенділік танытты.
Қорытынды нәтиже бойынша «Бағдаршам» тобы («Еркемай») жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – балалардың білімге деген қызығушылығы мен тәртіпке жауапкершілікпен қарауының, сондай-ақ педагогтардың жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Біз «Еркемай» тобының тәрбиеленушілерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Балаларға жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз