АРДАГЕРЛЕР, жилой массив Коктал, 13
sadik-39@mail.ru
Балабақшамызда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жолда жүру ережелері бойынша балабақшаішілік «Брейн-ринг» сайысы ұйымдастырылды.

Балабақшамызда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жолда жүру ережелері бойынша балабақшаішілік «Брейн-ринг» сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты – тәрбиеленушілердің жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту, жолда өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын дамыту, тәртіпке баулу және қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Сайысқа 3 мектепалды тобы қатысты:

Сайыс барысында балалар жол белгілерін тану, бағдаршам түстерінің мағынасын түсіндіру, жолда жүру кезіндегі қауіпсіз әрекеттерді көрсету, жағдаяттық тапсырмаларды орындау кезеңдерінен өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

 Қорытынды нәтиже бойынша:
 І орын – «Бағдаршам» командасы («Еркемай» тобы).
 ІІ орын – «Тәртіпті бала» командасы («Гүлдер» тобы).
 ІІІ орын – «Участники движения» командасы («Балдырған» тобы).

Жеңімпаз «Бағдаршам» («Еркемай» тобы) командасы қалалық кезеңге жолдама алды. Осындай мазмұнды шаралар балалардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігін кеңейтіп, тәртіпті, жауапты азамат болып қалыптасуына негіз болады.

Послание Президента
Государственные символы