АРДАГЕРЛЕР, жилой массив Коктал, 13
sadik-39@mail.ru
Мәлімет

2026 жылдың 23 ақпан күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында   Астана қаласы әкімдігінің №39 «Меруерт» балабақшасында қазақ тілі педагогтері, мектепалды топ және тәрбиешілерге арналған ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері  өтті.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне Сарыарқа ауданы бойынша балабақша педагогтері мен тәрбиешілері қатысты.  Балабақша тәрбиеленушілері келген қонақтарды  “Сәби тілегі” және “Балдырғандар” әнімен қарсы алды.

“Аққу” ортаңғы тобы тәрбиешісі Абдрахманова Ш.Г. “Қыс келді қонаққа”, қазақ тілі педагогі Валеева Р.Ж. “Қыс қызығы” және “Балдырған” мектепалды тобы тәрбиешісі Харитонова Г.Х. “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті.

Оралбай Б. “Бала тілін дамытуда ертегілерді қолдану”, Мукушева Р.Т. “Ойын арқылы баланың ой-өрісін жетілдіру”, Мукашева Г.Д. “Дамытушы ойындар арқылы бала тілін дамыту жолдары”, Г.Дәуірбекқызы мен қазақ тілі педагогі Есенова Қ.Қ. өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сыныптар өткізді.

Барлық өткізілген  іс-шаралар қатысушылар тарапынан өте жақсы  деңгейде бағаланды. Семинарға 40 — қа жуық педагогтер қатысты.

 

 

Послание Президента
Государственные символы