АРДАГЕРЛЕР, жилой массив Коктал, 13
sadik-39@mail.ru

«ӘКЕ, АНА, ТЕРЕЗЕНІ ЖАПШЫ!» челленджі

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында бастау алған бұл челлендж бүлдіршіндердің терезеден құлау жағдайларының алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бір сәттік ұқыптылық – баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Терезе жанында балаларды қараусыз қалдырмаңыз, қорғаныш құралдарын қолданыңыз және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

#қауіпсізбалалықшақ

#астанабалабақшалары

#балаөмірібәріненқымбат

@oqu_agartu_ministrligi

@astana_akimdigi_akimat_astana

@astana_adistemelik_ortalyq

@qosymsha_ast

@bilimastana

@altynsarin_akademiasy

@didar_baitasov

 

Қауіпсіз терезе — қауіпсіз балалар!

  

Ата-аналарға ескерту

Кезекке қоюға өтініш беру үшін

ВАУЧЕР. Кезекке тұру

ВАУЧЕР. Балабақшаға тіркеу

Ата-ананың жеке кабинетіндегі баланың қатысу табелін тексеру (Каз.яз)

 

 

Қауіпсіздік

 

Әкелер күніне орай балабақшамыздың «Дарын» тобының тәрбиеленушісі Еркенжан Рамина  әкесінің еңбек жолымен бөлісті.

Бейнероликте әкесінің мамандығы, күнделікті еңбегі мен отбасы алдындағы жауапкершілігі туралы баяндалады. Балалар үшін әкенің адал еңбегі мен өнегелі өмір жолы – тәрбиенің маңызды үлгісі.

Әрбір әкенің еңбегі құрметке лайық! Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз!

 

 

 

Әкелер күніне орай «Дарын» ересек тобының тәрбиеленушісі Шайкенов Алан әкесімен бірге көңілді әрі қызықты уақыт өткізді.

Бала үшін әкесімен бірге болған әрбір сәт ерекше. Бірге серуендеп, әңгімелесіп, ойнап өткізген уақыт олардың арасындағы байланысты нығайтып, жарқын естеліктер сыйлайды.

Алан мен әкесінің шаттыққа толы сәттері отбасының жылуы мен татулығын көрсетеді. Осындай бақытты күндер көп болсын!

 

 

Балабақшамыздың “Балапан” вокалдық тобы Хабар” арнасында өнер көрсетіп, “Қуыршақтар” әнін тамаша орындады!

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің сахнадағы жарқын өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қолдау көрсеткен жетекшілер мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!

Бүлдіршіндерімізге шабыт, биік белестер және жаңа жетістіктер тілейміз!

#БалапанТобы #ХабарАрнасы #Қуыршақтар #БалабақшаӨнері #ВокалТобы #Бүлдіршіндер #МеруертБалабақшасы

Мектепалды “Гүлдер” тобы балабақшамен қоштасты…

Кеше ғана тәй-тәй басып келген бүлдіршіндеріміз, бүгін қанаттанып мектепке қадам басқалы тұр.

Балалықтың ең тәтті шағы өткен балабақшамен қоштасу — қуаныш пен қимастыққа толы ерекше сәт…

“Гүлдер” тобының әр тәрбиеленушісі — біздің мақтанышымыз.

Ойынмен өскен күндер, шат күлкі, достыққа толы естеліктер жүрегімізде мәңгі сақталады.

Құрметті бүлдіршіндер!

Алдағы мектеп өмірлерің жарқын, білімге толы болсын! Биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете беріңдер!

Сендерге сәттілік тілейміз, кішкентай түлектеріміз!

#БалабақшаменҚоштасу #ГүлдерТобы #КішкентайТүлектер #Балабақша #ҚоштасуКеші #МектепалдыТобы

 Қош бол, балабақша!

Мектепалды «Еркемай» тобы балабақшамен қоштасты. Балалық шақтың ең тәтті естеліктері қалған алтын ұядан қанат қағып, бүлдіршіндеріміз үлкен өмірдің жаңа белесіне қадам басты.

Кеше ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз бүгінде білімге құштар, арманы асқақ шәкірт атануға дайын. Балабақша қабырғасында өткен әрбір сәт, әрбір күлкі мен қуаныш жүректерінде мәңгі сақталады.

Ақ жол, жас түлектер! Жолдарың ашық, білімге толы болсын!

#ЕркемайТобы #ҚошБолБалабақша #БалабақшаТүлектері #МектепкеҚадам

Page 1 of 3
1 2 3
Послание Президента
Государственные символы