Мектепке дейінгі ұйымымызда жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ортаңғы «Аққу» тобының тәрбиеленушілерімен «Қамқор» жобасы ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты – балалардың бойында адамгершілік, жанашырлық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Аққу» тобының бүлдіршіндері табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне күтім жасап, гүлдерге су құйды, жапырақтарын сүртті, топырағын қопсытты. Тәрбиеші балаларға өсімдіктердің тірі ағза екендігін, оларға да күтім мен мейірім қажет екенін түсіндірді.
Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, бір-біріне көмектесіп, ұқыптылық пен жауапкершілік танытты. Осындай шағын әрекеттер арқылы бүлдіршіндердің экологиялық мәдениеті қалыптасып, еңбекке деген сүйіспеншілігі арта түсті.
«Қамқор» жобасы – өскелең ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялатып, оларды адал да жауапты азамат болып қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қамқорлық – үлкен тәрбиенің бастауы!