№2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2025 жылғы 01 желтоқсан күні балабақшамызда «Жасанды интеллект – заманауи білім берудегі инновациялық құрал» тақырыбы аясында №2 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану арқылы тәрбие-білім беру процесінің сапасын жетілдіру.
Кеңес барысында заманауи цифрлық мүмкіндіктер, жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары қарастырылып, педагогтар тәжірибе алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды.
№1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2025 жылдың 28 тамыз күні балабақшамызда «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
Кеңес барысында жаңа оқу жылының басым бағыттары, білім беру сапасын арттыру жолдары және тәрбие-білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Педагогтар өзара пікір алмасып, алдағы жұмыс жоспарына нақты ұсыныстар енгізді.